1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Continue reading

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
         Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Continue reading

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Көрікті көктем аруы

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Ата-бабамыздан келе жатқан «Қызға қырық үйден тиым» деген сөз бар. Осы сөздегі «қырық үйдің» бірі және бірегейі – мектеп деп те ойлаймыз.
Осы сөзді ескерген С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы «Көрікті – көктем аруы» атты қыз сыны байқауын ұйымдастырып, өте жақсы дәрежеде өткізді. Байқауда қыздар алты шарт бойынша сайысқа түсті.
1. Таныстыру.
2. Сұрақ-жауап.
3. Өз өнері.
4. Монолог оқу.
5. Салат түрлерін жасау.
6. Сән үлгісі.
Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті, қыздар өнерлерімен бір-бірінен асып түсіп жатты. Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде номинациясын – 9 «Б» сынып оқушысы Ережепқызы Ақынбике жеңіп алған болса,
1-орынды Исрайл Диана мен Аманқұл Балзира еншіледі.
2-орынды Әбдіғаппар Жібек пен Нұсқабай Ақерке өзара бөлісті.
Алдағы уақытта «Бас жүлде» мен 1-орын иеленген қыздарымыз Ш. Ділдәбеков ауылдық округі мектептері арасындағы «Қыз сыны» байқауына қатысады. Қыздарымызға сәттілік тілейміз!!!

 

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Ұстаз ұлтты тәрбиелейді.

Рақмет саған мұғалім!

Наурыз айының 13-і жұлдызында мектебіміздің ардақты ұстазы аяулы ана, сүйікті жар, орыс-тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Усенова Жұмақыз апайдың зейнет жасына келуіне байланысты, мектеп ұжымы Шаблан Ділдәбеков мәдениет үйінде арнайы кеш өткізді. Кешке апаймен бірге қызметтес болған жандар, одан бөлек ағайын туыстары, ұл,қыздары, келіндері, немерелері, көрші қолаңы ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында апайымыздың өткен өмірінен бейнероликтер көрсетіліп кешке келген қонақтар, апайымыз жайында қызықты әңгімелер айтты. Өз кезегінде оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап беріп жиналған көпшілікке өз алғысын білдірді. Кеште мектебіміздің өнерпаздары ән айтып би биледі.

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

20 жылдық кездесу

Жылдағы дәстүрден айнымай С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебін 1998 жылы бітірген жиырма жылдық түлектер яғни 1981 жылы туылған түлектер өмірден өткен сыныптас достарына, ұстаздарына арнап ас беріп, көпшіліктің батасын алды.
Той иелері жылдағы дәстүр бойынша футболдан жарыс береді.

Жүлде қоры:

бірінші орынға 40 мың теңге,

екінші орынға 30 теңге,

үшінші орынға 20 мың теңге

және де

«Үздік шабуылшы»

«Үздік қорғаушы»

«Үздік қақпашы» секілді номинацияларға ақшалай сыйлықтары тағы бар.

Бұл дәстүрді 2008 жылы бітірген, яғни 1991 жылы туылған түлектер де жалғастырады деген ойдамыз…

 

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment