ХХІ ғасырдағы ата-ана, өз балаңа үлгі бол!

Қазақстан Республикасы, Білім және Ғылым Министрлігі, Балалардың Құқықтарын Қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы ата-ана, өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында кездесу болып өтті.

Жиында бірінші болып сөз алған мектеп директоры Арап Жунисов бала толыққанды өсіп-жетілуі үшін ең бірінші ата-ана үлгі болуы тиіс. Мектеппен бірге ата-ананы тығыз қарым-қатынаста біргелесіп жұмыс атқаруға шақырып. Келешекте жасөспірімдеріміз мықты азаматтар болуы үшін тәрбие отбасынан басталуы керектігін атап өтті. Келесі болып сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Жусипбекова тәрбие тал бесіктен берілу керектігін, Ана қыз балаға, әке ұл балаға білгенін үйретуден жалықпай, тәрбие берерде ұлттық құндылықтарды ұмытпауға шақырды. Өз кезегінде сөз алған мектеп психологтары Айнұр Тыңғозиева мен Бейбіт Қазбеков жасөспірім балдардың смартфон және компьютерде қандай сайтта, кіммен сөйлесіп отырғанын бақылауға алу керектігін, аталмыш заттар баланың психикасы мен ойлау қабілетіне кері әсер ететіндігін атап өтті. Жиын барысында психологтар тарапынан ата-аналарға слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Асқақтай бер Астана!

Бұл той басқа тойдан өзгерек болды. Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінде Астана күніне орай, Ш. Ділдәбеков ауылдық округі Мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, Астана!» тақырыбында ғаламат кеш болып өтті.

Кешке аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков және ауыл әкімі Нәлжан Әбдірайым қатысып ауыл халқын еліміздің ортақ мерекесімен құттықтады. Кеште мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге шешен, әзірбайжан, тәжік, ұлтының өкілдері де ән айтып, би билеп, көпшіліктің көңілін көтеріп тастады. Кеш соңы мерекелік от шашуға ұласты. Ауыл халқына көңілді кеш сыйлай білген Шаблан Ділдәбеков мәдениет үйінің қызметкерлері мен басшысы Ботакөз Шабланқызына жергілікті тұрғындар өз алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді. Туған күніңмен Астана!

Posted in Ауыл жаңалықтары | Leave a comment

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Бүгін кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.
Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі­ресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айт­қан­да, сарбаздай сап түзеп тұрған оқу­шы­лар, оның ішінде бастауыш сынып бүл­­дір­шіндері оң қолдарын жүрек тұсы­на қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үнд­ерімен әуелете айтқанда, көк аспан астын керемет бір толқын кернеп кеткені анық. Осыдан болу керек, атам қазақтың қуанышты сәтті «Үлкенінің мыңына бер­генше, баланың біріне бер» дейтіні. Тіпті, сол тұста «Бағалай білу, ең әуелі өзімізді қадірлей білу» (А.Байтұрсынұлы) үлгісін ұл мен қыз айқын көрсетіп тұрды.
Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Тұғыры биік тұлға

Бүгін Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратында белгілі қоғам қайраткері, еліміздің біртуар азаматы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішінің ашылу салтанаты болды.

Жиында сөз алған Мақтарал Ауданы Әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, ел ағасы Тойым Жүнісов және өзге де қонақтар Сұлтанбек Қожановтың өмірінен сыр шертіп, елі үшін жасаған еңбегі көпке үлгі екенін тілге тиек етті. Болашақта өскелең ұрпақты осы бабаларындай мықты азамат болып шығуы үшін С. Қожановтан үлгі алуға шақырды. Осы жиында сөз алған Республикалық «Алпамыс» қорының президенті Бауыржан Оңғарбаев мектебіміздің директоры Арап Жунисовті «Алпамыс батыр» төс белгісімен марапаттады. Және осы ескерткішке демеушілік жасаған кәсіпкер Алтынбеков Жақсыбай мырзаға өз алғысын білдірді. Жиын соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Continue reading

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment