Ұстаз ұлтты тәрбиелейді.

Рақмет саған мұғалім!

Наурыз айының 13-і жұлдызында мектебіміздің ардақты ұстазы аяулы ана, сүйікті жар, орыс-тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Усенова Жұмақыз апайдың зейнет жасына келуіне байланысты, мектеп ұжымы Шаблан Ділдәбеков мәдениет үйінде арнайы кеш өткізді. Кешке апаймен бірге қызметтес болған жандар, одан бөлек ағайын туыстары, ұл,қыздары, келіндері, немерелері, көрші қолаңы ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында апайымыздың өткен өмірінен бейнероликтер көрсетіліп кешке келген қонақтар, апайымыз жайында қызықты әңгімелер айтты. Өз кезегінде оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап беріп жиналған көпшілікке өз алғысын білдірді. Кеште мектебіміздің өнерпаздары ән айтып би биледі.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу