Бүгін Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратында белгілі қоғам қайраткері, еліміздің біртуар азаматы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішінің ашылу салтанаты болды.
Жиында сөз алған Мақтарал Ауданы Әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, ел ағасы Тойым Жүнісов және өзге де қонақтар Сұлтанбек Қожановтың өмірінен сыр шертіп, елі үшін жасаған еңбегі көпке үлгі екенін тілге тиек етті. Болашақта өскелең ұрпақты осы бабаларындай мықты азамат болып шығуы үшін С. Қожановтан үлгі алуға шақырды. Осы жиында сөз алған Республикалық «Алпамыс» қорының президенті Бауыржан Оңғарбаев мектебіміздің директоры Арап Жунисовті «Алпамыс батыр» төс белгісімен марапаттады. Және осы ескерткішке демеушілік жасаған кәсіпкер Алтынбеков Жақсыбай мырзаға өз алғысын білдірді. Жиын соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.