Көрікті көктем аруы

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Ата-бабамыздан келе жатқан «Қызға қырық үйден тиым» деген сөз бар. Осы сөздегі «қырық үйдің» бірі және бірегейі – мектеп деп те ойлаймыз.
Осы сөзді ескерген С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы «Көрікті – көктем аруы» атты қыз сыны байқауын ұйымдастырып, өте жақсы дәрежеде өткізді. Байқауда қыздар алты шарт бойынша сайысқа түсті.
1. Таныстыру.
2. Сұрақ-жауап.
3. Өз өнері.
4. Монолог оқу.
5. Салат түрлерін жасау.
6. Сән үлгісі.
Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті, қыздар өнерлерімен бір-бірінен асып түсіп жатты. Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде номинациясын – 9 «Б» сынып оқушысы Ережепқызы Ақынбике жеңіп алған болса,
1-орынды Исрайл Диана мен Аманқұл Балзира еншіледі.
2-орынды Әбдіғаппар Жібек пен Нұсқабай Ақерке өзара бөлісті.
Алдағы уақытта «Бас жүлде» мен 1-орын иеленген қыздарымыз Ш. Ділдәбеков ауылдық округі мектептері арасындағы «Қыз сыны» байқауына қатысады. Қыздарымызға сәттілік тілейміз!!!

 

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу