Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Бүгін кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.
Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі­ресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айт­қан­да, сарбаздай сап түзеп тұрған оқу­шы­лар, оның ішінде бастауыш сынып бүл­­дір­шіндері оң қолдарын жүрек тұсы­на қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үнд­ерімен әуелете айтқанда, көк аспан астын керемет бір толқын кернеп кеткені анық. Осыдан болу керек, атам қазақтың қуанышты сәтті «Үлкенінің мыңына бер­генше, баланың біріне бер» дейтіні. Тіпті, сол тұста «Бағалай білу, ең әуелі өзімізді қадірлей білу» (А.Байтұрсынұлы) үлгісін ұл мен қыз айқын көрсетіп тұрды.
This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу