Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ – ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектер үшін.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.

Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау — 10.03.2018 – 10.05.2018

Тестілеу — 20.06.2018 – 01.07.2018

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

2 блок

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады

Шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған (ағымдағы жылдың тамыз айы).

ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесі 

ҰБТ және КТ Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және әрбір мамандыққа сәйкес екі бейіндік пәндер бойынша өткізіледі.

ҰБТ немесе Кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайындық барысында байқау-сынақтарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады.

Таныстыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар Тізбесін ұсынамыз. Сіз жоғары білім мамандықтарының ішінен кез-келген мамандықты таңдап, соған сәйкес тестілеуден өтуге арналған бейіндік пәндерді таба аласыз.

Бейінді пәндер комбинациясы

1 бейінді пән

2 бейінді пән

мамандықтар саны

1

математика

физика

52

2

математика

география

18

3

биология

химия

23

4

биология

география

12

5

шет тілі

дүниежүзі тарихы

9

6

география

шет тілі

4

7

дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

5

8

дүниежүзі тарихы

география

7

9

химия

физика

5

10

қазақ тілі / орыс тілі

 қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

5

11

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан

34


2018 жылғы ҰБТ өткізу пункттері (ҰБТӨП)

Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі өзгерістер және толықтырулармен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 08 маусымдағы № 334 Қаулысыменөзгерістер мен толықтырулар енгізілгенЖоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы  № 196 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары