Бұл той басқа тойдан өзгерек болды. Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінде Астана күніне орай, Ш. Ділдәбеков ауылдық округі Мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, Астана!» тақырыбында ғаламат кеш болып өтті.
Кешке аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков және ауыл әкімі Нәлжан Әбдірайым қатысып ауыл халқын еліміздің ортақ мерекесімен құттықтады. Кеште мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге шешен, әзірбайжан, тәжік, ұлтының өкілдері де ән айтып, би билеп, көпшіліктің көңілін көтеріп тастады. Кеш соңы мерекелік от шашуға ұласты. Ауыл халқына көңілді кеш сыйлай білген Шаблан Ділдәбеков мәдениет үйінің қызметкерлері мен басшысы Ботакөз Шабланқызына жергілікті тұрғындар өз алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді. Туған күніңмен Астана!