Мақтарал ауданы, Асық ата өңіріне қарасты С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің тарихына көз жүгіртсек:
– Мектеп алғаш 1941 жылы Мырзашөл өңірін суландырып, жаңа жерге ел қоныстандыру мақсатында, Ресей ұшқышы Валерий Чкалов аты беріліп, ашылған болатын. Еліміз тәуелсіздік алып, еңсеміз көтеріліп, ес жинағаннан соң қазақтың белгілі қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Сұлтанбек Қожановтың 100 жылдық тойы қарсаңында “С. Қожановтың атына” 1994 жылы ауыстырылды. Содан бері мектеп С. Қожанов атымен аталады.
Мектепке алғаш жеті жылдық негізінде ашылғаннан кейін 1944-1953 жылдар аралығында В. П. Чкалов атындағы орталау мектеп директоры болып Асилбеков Еген қызмет атқарды.
1953 жылдардан бастап Кенжеханов Қалдарбек директор болып тағайындалды, бұл кісі мектепті ұзақ жылдар басқарды.
60 жылдардан 62-ге дейін дейін Сабаев Ният,
1963-1965 жылдарда Сарманов Құрманай,
1966 жылдардан 1968 жылға дейін Түкібаев Дәуренбек,
1969-1970 жылдарда Астанов Дүзелхан,
1971 жылдан бастап 1985 жылға дейін Садықов Тұрсынбай директор болып істеді.
1985 жылдан 1987 жылға дейін Есимов Оразалы,
1987 жылдан 1997 жылға дейін Қабылбаев Пайзулла,
1998 жылдан 2003 жылға дейін Жүнісов Бақыт,
2004 жылдан күні бүгінге дейін Жүнісов Арап мектеп директоры болып жұмыс атқаруда.
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде (В. П. Чкалов) алғашқы жұмыс істеген өнегелі ұстаздар: Бектаев Әбдіраш, Тәжібаев Еркебай, Әбсеметов Сейілбек, Байболов Жұмағұл, Райымқұлов Әбдіхалық, Әкенов Әбдімәлік, т.б.